Құрылтай сайлауынан кейін мемлекеттің негізгі билік құрылымдарында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалған болатын. Дәл қазір Үкімет құрамы қайта жасақталып жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалғаны хабарланған еді. 

Президент Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-президенті болып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұдан бөлек, Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Тағайындаулар әлі де жалғасады. 

Фото Үкіметтен