Үміткер бірінші нарықтағы әрленген дайын пәтерді сатып алғысы келсе, 10 пайыздық алғашқы жарнасы болуы шарт. Ал егер әрленбеген жаңадан салынған үй немесе қайталама нарықтан сатып алу жоспары болса, 20 пайыздық жарнасы болуы шарт. Ипотека әлеуметтік осал санатқа жататындарға 7 пайызбен, басқаларға 9 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Несие көлеміне қатысты шектеу бар. Облыстардағы тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға 30 млн теңге, ал Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге деп көрсетілген. Жоба аясында 72 млрд теңгеге 2 мың 440 несие беру жоспарланыпты.
Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін – 30 миллион теңге. Астана мен Алматы қалалары үшін 36 миллион теңге.
"Наурыз жұмыскер" бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен "корпоративтік" өнім шеңберінде жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді. "Отбасы банкі" АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, жобаға кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар қатысады. Бұл қоғамдағы қиын еңбек жағдайындағы жұмысшылар үшін таптырмайтын мүмкіндік екені рас.