Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылға арналған республикалық бюджетті орындау бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне сәйкес, сыйақыны үнемдеу бағыттарына кейбір шектеу қойылған.

Бұл ретте министрлік сыйақыны беруге байланысты жоспарланған қаражат қысқартылмайтынын жеткізді. 

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» №1127 қаулысына сәйкес, тек белгілі бір үнемдеу болған жағдайда қаражат сыйақыны тағайындауға және тиісті жетістіктер болған кезде ғана жіберілуі мүмкін», - делінген министрлік ақпаратында.