2025 жылдан бастап бақша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100 балаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етіп, олардың түзету дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасап келеді.

«Мекемеде толық күндік режимде он топ жұмыс істейді, олардың бірі қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған, қалған тоғыз топ – психикалық дамуы кідірген балаларға. Балалармен 50 маман жұмыс істейді, оның ішінде 20 педагог және 5 жас маман», – деді балалар бақшасының директоры Айбарша Исмагулова.

Өңір басшысы педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитетінің өкілдерімен сөйлесіп, балаларды оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.

«Әр бала бақытты әрі қуанышты балалық шаққа лайық», - деп атап көрсетті Марат Ахметжанов, арнайы автокөліктің кілтін табыстау кезінде. Модернизацияланған микроавтобус көтергіш механизммен жабдықталған.

Баспасөз қызметі