Бөлтекұлы Желкілдек батырдың өмірден озғанына биыл 230 жыл. Осыған орай , Желкілдек батыр туралы жазылған кітаптардың алғы сөздерін жазуды жөн көрдім.     

Жазушы –журналист Қаныбек Әбдуовтың 2010 жылы «АРҚАС» баспасынан шыққан Желкілдек батыр туралы «Тарихтан тартқан тағылым» кітабына берген Академик , филология ғылымдарының докторы , Халықаралық Ш. Айтматов қоғамдық акедемияның мүшесі , Қазақ ССР –і ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері , Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Рахманқұл Бердібаевтың алғы сөзінен бастасақ.

Біз бала күнімізден Желкілдек батыр жайлы естіп өстік , сондай саңылақ бабалардың рухына сиынып өстік . Ер мінезі , ел тілегі Отанының бүтін болғанын қалады. Олар елдің бибіт өмір кешкенін күйттеді . Бұл бүгінгі Тәуелсуз егемен еліміз үшін күрескен алғашқы атаныстар мен талпыныстар болды, сөйтіп дербес мемлекет құрудың іргесін сол дәуірлерден бекіте бастаған едік.Желкілдек бір әулеттің батыры емес , Қаратау етегіндегі елдер мен Түркістан төңірегінің тұтастығы үшін жан алысып , жан берісікен ірі сардар. Әлемге әйгілі Қожа Ахмет Иассауй кесенесіне батырдың жерленуі тектен –тек емес, бұл тарихи оқиға , ел билері мен хандарының үлкен құрметі еді. Біз осындай қазақ батырын ұмытпай , ардақтай беруіміз керек.(Р.Бердібаев)

Қазақстан журналистер одағының мүшесі . Республикалық , аймақтық байқаулардың жүлдегері .Облыс әкімінің степендианты Жазушы –журналист Қаныбек Әбдуовтың « Тарихтан тартқан таңылым» кітабының 56- бет.

Желкілдек батыр Бөлтекұлы 1723 жылы Қызылорда облысы , Жаңақорған ауданындағы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ел қорғау жолында талай қанды шайқастарды басынан өткізіп,жасы алпыстан асқан шағында Желкілдек батыр Түркістаннан туған ауылына би болып оралады. Желкілдек батыр 1796 жылы 73 жасында дүниеден өтеді . Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауй кесенесіндегі хандар мен батырлардың , билердің жамбасы тиген жерге жерленген. «Желкілдектің қазасы Түркістанда хандар кеңесін өткізуге жиналды. Оған үш жүздің белгілі билеріде қатыстырылды. Олардың шешімі бойынша «Желкілдектің денесі А. Иассауи кесенесіне жерленеді» деп бекітілді. Шешімде Әбілмәмбет пен Абылай хандар тұсында ел мен туған жерді қорғауда асқан ерлігі және Түркістан шаhары қауіпсіздігін сақтаудағы қайраткерлік қызметі үшін осындай мәртебеге ие болды» делінген. (Қ.Әбдуов)

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі , Қазақстанның құрметті журналисі, Қызылорда облысының құрметті қайраткері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.Бірнеше кітаптардың авторы Адырбек СОПЫБЕКОВ тің «Желкілдек батыр» тарихи поэма –Алматы Arna-b баспасынан 2012 жылы шыққан кітабының алғы сөзі.

Желкілдек батыр –Абылай ханның қол бастаған батырларының бірі болған. Тарихи деректе бойынша ,1766 жылдың жазында Қоқан ханы Ердана –Бек Абылайханға (1735 жылы Орта жүздің ханы Сәмеке өлген соң орнына сұлтан Абылай хан болып көтерілген . Әбілмәмбет хан болып есептелінгені мен , шын мәнінде үш жүзге де Абылай хан билік жүргізген-А.С. ) бағынуды талап етіп елші жібереді. Бұған намыстанған Абылай хан : « Ердана –Бек жайына жүрсін!» -деп , жіберген елшісілерін қабылдамай кері қайтарып жібереді. Бұға ызаланған Қоқан ханы Ердана –Бек жасырын қарақшылар тобын жұмсап , Қарашық қаласының бегі , Абылайдың ініс Іскендірді төрт баласымен қоса бауыздап өлтіріп, әйелін алып кетеді. Мұндай қорлыққа шыдамаған Абылай хан Қоқан хандығына шабул бастайды . Осы жорықтың бас батыры етіп Желкілдек батыр Бөлтекұлын тағайындап, жорыққа аттанады.

1771 жылы қалмақтарға қарсы «Шаңды жорық» басталады. «Шаңды жорық» қалмақтардың басын жұтқан «Қанды жорыққа» айналады. Мұнда да Желкілдек батыр , Көкжал Барақ ,Батыр Баян, Бөгенбай батыр, Саурық, Қалбағай (Желкілдек батырдың інісі) батырлармен бірге үлкен ерліктер жасайды. 

Ақын Адырбек Сопыбеков «Желкілдек батыр» атты бұл тарихи поэмасын осы деректерді негізге ала отырып көркем кестелейді. Оқиға желісі бірінен соң бірі ширығып ,өрбіп отырады. Жорық жолында Абылай ханның бейнесі , Желкілдек пен бірге басқа да хас батырлардың ерліктері ашыла түскен. Желкілдектің кейін елге би болып оралғандағы тірліктері де нанымды суреттелген . 

Сондай- ақ, «Желкілдек батыр» тарихи поэмасынан кейінгі кітаптағы «Тарихтан тартқан тағылым» , «Тұғыры биік тұлғалар» бөлімдерін оқып шыққаныңызда , жаны жайсаң жандардың шуағына бөленіп , ақындар айтысына тәнті боласыз , рухани жан дүниеңіз кеңи түседі. 

Кітаптың үйлестірушісі және демеушісі «Желкілдек батыр» қоғамдық қорының президенті Жанарбек Айтбайұлы Орынбаев (А.Сопыбеков)

Тарих ғылымдарының докторы , профессор Хазретәлі Тұрсынның Ахмет Есіркеповтің «Желкілдек батыр» дастаныны кітабына жазған алғы сөзінен және «Қоңыраттың тарихы мен шежресі» атты кітап жинағына «Желкілдек батыр» туралы жазған мақаласынан үзінді жаза кетейін . Қазақтың он төрт ханына астана болған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауй кесенесіне жерленген хандар мен сұлтандардың , билер мен батырлардың , датқалардың есімі қатарынан ойып тұрып орын алған Желкілдек батыр Бөлтекұлы –тарихи тұлға. Желкілдек батыр жоңғар шапқыншылығында Қоңырат Бесата , Жаманбай руларының қолына қолбасшылық жасаған . Жаманбай рулар бірлестігінің құрамындағы Алти –Қырғызалы , Жәни –Қараша, Ақболат –Қайрақ, Қылбелбеу –Құрбан, Қожамберді , Қоңырсопы, Борай –Жиенбет және Бесата рулар бірлестігінің Божбан, Жетімдер, Саңғыл, Маңғытай рулары жоңғар шапқыншылығында әрқайсысы жеке қол шығарған.Олардың арасынан әзірге аты тұлғаланга қоймаған небір батырлар шыққандығы даусыз. Түркістан қаласының төңірегін мекендеген Қоңырат тайпасы Абылай ханның тұрақты әскерінің негізін құрағандығын Шоқан Уалихановтың өзі куәлік етеді. Демек, ауызша тарихнама мен жазба тарихтың деректері бірін-бірі толықтырып тұрғандай. Орта жүзбен Кіші жүздің әр түрлі руларынан шыққан қолбасшылар әскери іспен тұрақты айналысты деп жазылады «Қазақстан тарихы» көптомдыңғының үшінші томында .Хандық биліктің қалыптасқан осы жүйесі бойынша Абылай ханның Түркістан төңірегінен құрылған әскерінің қолбасшысы дәрежесіне жеткен Желкілдек батыр Абылай ханның «1760 жыл қырғыздар дулат және қоңырат руларының қоныстарына шабул жасады . Бұған жауап ретінде Абылай әскер жинап , сол жылдың тамыз айында талас қырғыздарын жеңіліске ұшыртты». Сол сияқты Абылай ханның Қазақстанның Оңтүстік өңірін қайтарып алу үшін қарақалпақтарға жасаған жорығынан Желкілдек батыр бастаған Қоңырат руларының қолы аса белсенді қимыл жасаған. Осындай әскери қимылдар барысында 1762 жылы «Ұлы жүз рулары мен Қоңыраттардың ескі замандардан бері қазақтардың жері болып келген Сыр өңірі қоныстарын иеленуіне мүмкіндік берді».

Абылай ханның Ташкент пен Ходжентке , одан әрі Жызыққа дейінгі жорығы бйынша табысты болып , Түркістан , Сайрам, Шымкент, Созақ қалаларының қазақ хандығына түпкілікті өтті . Осы жорықта Абылай хан әскерінің негізгі бөлігі Орта жүздің ру – тайпаларынан, соның ішінде Қоңырат тайпасынан құралды. Желкілдек батырдың Абылай хнның сенімді серегіне айналғаны осындай қанды көйлек киіскен силастықтан туған еді.

1771 жылы күзінде Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлағанда Желкілдек қоңыраттың ғана емес , Орта жүздің ықпалды тұлғасы ретінде оны қолдаушылардың бірі болды.

1781 жылы Абылай хан қайтыс болған соң бибіт өмірге көшіп , Түркістан-Жаңақорған атырабында әртүрлі деңгейде билік қызметтерін атқарған.

Ақын –жазушы Жаңақорған аудандық тарихи –өлке тану мұражайының директоры болған Ахмет Есіркеповтің «Желкілдек батыр дастаны» 2011 жылы Нұрлы бине баспасынан шыққан кітабының алғы сөзінен үзінді.

Әрі батыр , әрі балуан Бөлтек бабаның ұлдары Желкілдек пен Боқаш егіз туғаны белгілі.Айтөре анамыз тапқан торсықтай қос ұлдарын Бөлтек ата қолынан ұстап тұрып : «Бірі батыр болса, бірі бай болсын! Желкілдегім жауға шабар , Боқашым малды жайғар қос қанатым болсын!-деп тәңірден тілек тілеген екен. Егіздің сыңары Боқаштан Өтен туылса , Өтеннің ұлы Қарадан Жантілес өмірге келеді.Жантілес атамыз менің анам Рахия мен нағашым Адырбекті дүниеге әкелген Балқожаның әкесі болатын.Сонда Желкілдек пен Боқаш менің анама бесінші ата болып келетін.

 Шежреші Адырбек атам Желкілдек батыр атасы туралы ұзақ әңгімелер айтып беруші еді. Жетітөбеде Желкілдек батыр бастаған қазақ әскерінің қалмақ басқыншыларына қарсы соғысып олардың бетін қайтарған қанды қырғын жайлы, Желкілдек батырдың осы жердегі «Қара батыр» атанған қалмақтың батырын жекпе –жекте жеңгені туралы қызықты етіп айтатын.Қалмақ батырының тұлғасы аса ірі , қара сұр адам екен,атының түсі де қара болғандықтан ба , қалмақтар «Қара батыр» деп атайды екен. Бас батырынан айырлған қалмақтар ойсырай жеңіліп , Сыр бойынан бір жолата қуылған еді деп отыратын , Адырбек атам.

1992-1997 жылдары Жаңақорға аудандық тарихи –өлкетану мұражайында директорлық қызмет атқарып едім . Сол кезде Қаратау өңірі мен Сыр бойынан шыққан Желкілдек батырдың Абылай хан тұсында өмір сүргенін және хандық билікті нығайту үшін Абылай хан жасаған реформалық өзгерістердің жүзеге асуына Түркістан аймағынан құрылған хан әскерінің қолбасшысы ретінде ықпал еткені жайлы деректерді тарихи мәліметтерден кездестірдім.(А.Есіркепов)

«Желкілдек батыр», «Перзент парызы» Қоғамдық Қорлар президенті Жанарбек Орынбаев . 16.04.26ж

 Фото ашық дереккөздерден алынды