Сенаты білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық еткен жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген. Заң жобасында бес новелла ұсынылды, оның біреуі жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылар балаларына қатысты. Онда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде қажетті мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге бағытталған нормалар көзделген.

«Бұған дейін көмек тек мемлекеттік мектептердің оқушыларына ғана берілетін, ал енді жеке мектептерде оқитын балалар да осындай көмек алатын болады. Бұл мектептің меншік нысанына қарамастан, барлық балалар үшін білім берудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан. Айта кетейік, биылғы жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам бала мемлекеттен киім-кешек, оқу құралдарын сатып алу үшін қаржылай қолдау алды. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін жақсарту мақсатында ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару шараларын енгізген еді. Көмек алу үшін ата-ана алдымен баласының оқитын мекемесіне тиісті өтініш беруі қажет.


Оқу-ағарту министрлігі