Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Франция Президенті Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.


Фото Ақорда.кз