Осылайша, Д.Трамп сайлаушылардың 277 дауысын жинаған. Камала Харристің қанжығасында 226 дауыс болды. Д.Трамптың АҚШ билігіне қайта келуін сарапшылар Ресей мен Украйн арасындағы қақтығыстардың тиімді шешілуімен байланыстырады. Әрине, бұл әзірге болжам ғана. «... Мен үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына жол бермеймін. Ал, К. Харрис келсе, жағдайдың одан сайын ушығып, соғыс оты тұтанады» - деп мәлімдеген болатын, Д.Трамп.
Фото ашық дереккөздерден алынды