Мұқағали ақынның ерекшелігі, ол - өзіне дейінгі өлең мен ұлттық мектепте қалыптасқан ұлы сабақтастықты әрі қарай жалғастырып,  ерекше бағытта дамытты. Осылайша, ұлттық құндылықтарымызды жаңа биікке көтерді.

Болмысы ерекше ақын кезінде "Социалистік Қазақстан" газетінің, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарының редакциясында, кейін Қазақстан Жазушылар одағында абыройлы қызмет атқарды. 

Ақын 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі.

Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудандық «Советтік шекара» газетінде жарияланды

М. Мақатаевтың «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек» (1972 ж.), «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің» (1975 ж.), «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір-өзен», «Өмір-дастан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар