Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі малина көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидияларды алған.

Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда. Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Қаржылық мониторинг агенттігі