Биылғы жылдың нәтижелері көрсеткендей, түйткілді проблемаларды шешуге қатысты жүйелі шешімдер – құқық бұзушылықтарды қалпына келтіріп қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімін арттыруға мүмкіндік бергендігін көрсетіп отыр.
Келіп түскен өтініштердің рекордтық көрсеткіші: сенім индикаторы немесе дабыл ма?
2024 жылы ТҚҚК және оның аймақтық департаменттері азаматтардың 62,5 мыңнан астам өтініштерін қарады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары көрсеткіш. Шағымдардың ең көп саны бөлшек сауда (37,5%), электрондық коммерция (23,2%) және тұрмыстық қызметтер (8,8%) салаларынан түсті. Сонымен бірге, қаржылық қызметтер (3,2%), білім беру (1,4%) және ұялы байланыс (3,5%) саласында шағымдардың өсуі байқалады.
Осылайша, өтініштер санының артуы екі негізгі тенденцияны көрсетеді. Бір жағынан, бұл экономиканың жекелеген салаларындағы жүйелі проблемалардың дәлелі болса, екінші жағынан, шағымдардың көбеюі өз құқықтарын белсенді түрде қорғайтын азаматтардың құқықтық сауаттылығының артқанын көрсетеді.
ТҚҚК жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі тұтынушылардың қалпына келтірілген құқықтарының көлемі болып табылады. 2024 жылы жалпы сомасы 2 млрд (2 067,8 млн) теңгеден асатын тұтынушылардың құқықтары (қайтару, айырбастау, ауыстыру) қорғалды — бұл өткен жылмен салыстырғанда 193%-ға артық көрсеткіш.
"Сапалы өнім": азаматтардың денсаулығын қорғауда
Мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған "Сапалы өнім" жобасы тұтынушыларды қорғау жүйесінің маңызды элементіне айналды. 2024 жылы жоба шеңберінде қоғамдық ұйымдар 2002 өнім атауын іріктеді, оның ішінде 1423 түрінде немесе 71%-нда бұзушылықтар анықталды.
Әсіресе, мерзімі өткен өнімдердің болуы көңіл алаңдатарлық фактірлердің біріне айналды. Тексерулерге сәйкес, тексерілген 10 өнімнің әр 10-ы жарамдылық мерзімі өткені анықталды. Бұл ретте, өнімді сатып алу мерзімін анықтау, мақсатты түрде іздеусіз, кездейсоқ жүргізілді және мұндай жағдай Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелді. Анықталған мерзімі өткен өнімдердің арасында сүт, ет өнімдері, шырындар мен кондитерлік тауарлар болды.
Алайда заң бұзушылықтар тек жарамдылық мерзіміне қатысты жағдайларда ғана орын алған жоқ. Жоба аясында анықталған бірқатар жағдайлар қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мысалы, Талдықорған дүкендерінің бірінде сары майдан сараптама қорытындылары бойынша, денсаулыққа қатер төндіретін ішек таяқшасы тобының бактерияларының болуы анықталды. Петропавлда халал деп жарияланған тушенка етін тексеру барысында шошқаның ДНҚ-сы табылды, бұл тұтынушылардың құқықтарын бұзып қана қоймай, олардың өндірушілерге деген сенімін төмендететіні анық. Сол сияқты Түркістанда құпия сатып алушы әдісімен сатып алу кезінде, кондитерлік өнімдерді таңбалау мен сақтауда өрескел заң бұзушылықтары анықталды.
Бұл фактілер өнім сапасының проблемалары өзекті болып қала беретінін және жүйелі тәсілді қажет ететінін растайды. Бұл ретте, бақылауды күшейту, қатаң стандарттарды енгізу және өндірушілер мен тұтынушылармен белсенді ағартушылық жұмыс — азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері болып саналады. Сонымен қатар, тауарларды таңдау уақытында тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, халықты барынша хабардар ету жұмыстарын жалғастыру маңызды болып қала бермек.
Электрондық коммерция: цифрлық дәуірдегі қорғаныс
Электрондық сауда ең проблемалы салалардың бірі болып қала береді. 2024 жылы бұл сала тұтынушылардың барлық өтініштерінің 23%-ын құрады. Азаматтардың негізгі шағымдары сатушылар туралы ақпараттың болмауы, тауарлардың сипаттамаға сәйкес келмеуі және ақшаны қайтарудан бас тартуға байланысты болды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның жаңа редакциясында қосымша реттеу шаралары қарастырылған. Заңға "электрондық сату алаңы (маркетплейс)", "интернет-дүкен" және "ақпараттық-жарнамалық алаң" сияқты нақтыланған ұғымдарды енгізілді. Бұл олардың міндеттері мен реттеуші механизмдерін нақты анықтауға мүмкіндік берді.
Электрондық сауда алаңдары енді тіркеуді және аутентификацияны қоса алғанда, сатушыларға рұқсат берудің ішкі ережелерін енгізуге міндеттелді.
Сатушылармен жасалған шарттарда тауар мен сатушы туралы толық ақпарат беруді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы міндетті түрде сақтау көзделеді. Платформаны бақылауды күшейту мақсатында заң бұзушы-сатушыларға олардың шоттарын бұғаттауға дейін cанкциялар қолданыла алады. Сонымен қатар, тұтынушыларға тауарларға сәйкестік сертификаттарына қол жетімділік беріледі, мұндай жүйе онлайн сату жүйесіне ашықтық пен сенімділікті арттырады.
Электрондық алаңдардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Осыған орай, шулы жағдайларды жедел шешу үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсменмен және уәкілетті органдармен тығыз ынтымақтастық көзделген.
Заңның жаңа редакциясы: жетілдіруге арналған қадам
2024 жылдың басты жетістіктерінің бірі "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның жаңа редакциясын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бірінші оқылымда қабылдауы болды. Бұл құжат электрондық сауданың өсуі, қоғамдық бірлестіктердің рөлін күшейту және салааралық үйлестіру қажеттілігі сынды заманауи сын-қатерлерді ескере отырып, заңнаманы жаңғырту қажеттілігін көрсетеді.
Заңның негізгі жаңашылдықтары:
Дауларды шешу тәртібін жеңілдету. Тұтынушыларға сотқа дейінгі тәртіппен жанжалдарды шешу, құқық бұзушыларды жауапқа тарту үшін сотқа немесе уәкілетті органға жүгіну таңдауы беріледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу. Омбудсмен азаматтардың мүдделерін білдіретін, заңның сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін және дауларды шешуге жәрдемдесетін тәуелсіз делдал болады.
Кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру. Заңды өрескел бұзатын сатушылар үшін тұтынушының пайдасына айыппұл салу мүмкіндігін қоса алғанда, азаматтық құқықтық жауапкершілік енгізіледі. Бұл бизнесті өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауға ынталандырады.
Электрондық сауданы реттеу. Алғаш рет заң "электрондық сауда алаңы", "интернет-дүкен" және "ақпараттық-жарнамалық алаң" ұғымдарын нақты ажыратады. Бұл маркетплейсті тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы сақтайтын кәсіпкерлермен шарттар жасасуға, сондай-ақ тауарлардың сәйкестік сертификаттары туралы ақпарат беруге міндеттейтін ережелерді белгілеуге мүмкіндік береді. Ережелерді бұзушылар бұғатталуы мүмкін, бұл электронды сауда нарығын тұтынушылар үшін қауіпсіз етеді.
Қоғамдық бірлестіктердің рөлін нығайту. Қоғамдық ұйымдарға қоғамдық мониторинг жүргізу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау процестеріне қатысу құқығы беріледі. Бұл жергілікті жерлерде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер бизнес азаматтардың құқықтарын қорғауда мемлекеттің серіктесі болатын тұтыну қатынастарының неғұрлым әділ жүйесін құруға бағытталған. Заңның жаңа редакциясын қабылдау тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне деген сенімді күшейтіп қана қоймайды, ол жауапты және бәсекеге қабілетті бизнес-ортаны қалыптастыру үшін негіз болады.
2025 жыл Қазақстанның тұтыну нарығын қауіпсіз әрі ашық ететін осы бастамаларды іске асыру үшін шешуші жыл болмақ.
Әлеуметтік зерттеулер: азаматтар көзқарасы
2024 жылы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шағымдарды өңдеуге назар аударып қана қоймай, ауқымды әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Бұл сауалнамалар тұтынушыларды алаңдататын негізгі мәселелерді анықтауға көмектесті. Респонденттер көлік (64%), туристік сала (52,6%), денсаулық сақтау (41%) және қаржылық қызметтер (36%) салаларына көңілі толмайтынын жеткізді.
Бұл нәтижелер 2024 жылдың қазан айында өткен ведомствоаралық кеңесте талқылауға негіз болды. Кеңес мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің және сарапшылардың басын қосты. Кездесу аясында осы салалардағы жүйелі проблемаларды жою бойынша ұсыныстар әзірленді.
Кеңес отырысында тұтынушылардың мәселелерін шешуде және бірлескен жұмыс жүргізуде кешенді тәсіл қажет екені атап өтілді. Мысалы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен жұмыс тобын құру жөніндегі бастама елде сатылатын өнімнің сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың цифрлық тетіктерін жақсарту электрондық сауда нарығын қауіпсіз әрі ашық етеді.
Бұл ұсыныстар қазірдің өзінде іске асырыла бастады және 2025 жылы басым бағыттарға айналады. Комитет бастамашылық еткен ведомствоаралық ынтымақтастық Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әділ және тиімді жүйені құруда маңызды рөл атқарады.
Жыл қорытындысы: сенім дамудың негізі
2024 жыл тұтынушылардың құқықтарын қорғау уақыттың қиындықтарына үнемі бейімделуді талап ететін серпінді сала екенін айқындады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өзекті мәселелерге тез жауап беріп қана қоймай, олардың алдын алудың ұзақ мерзімді тетіктерін құруда.
Бұл нәтижелер мемлекеттің, бизнестің және қоғамдық бірлестіктердің бірлескен күш-жігерінсіз мүмкін болмас еді. Сауатты заңнамалық реттеу, азаматтар тарапынан қолдау және заманауи технологияларды пайдалану Қазақстанда тұтынушылық қатынастардың әділ және қауіпсіз жүйесін қалыптастыру үшін негіз жасайды. Десе де, алда жүйені жетілдірудің және тұтынушылардың өмірін одан ары қорғайтын өршіл міндеттерді жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері бар.