Шара барысында Түркия «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру үшін Қырғыз елінің 62,3 миллион доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешіргені айтылды. Еске сала кетсек, кездесулер нәтижесінде екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған біршама құжатқа қол қойылған. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қырғызстанда мемлекеттік сапармен жүр. 6 қараша күні Түркия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады деп күтілуде.   



фото ашық дереккөздарден алынды