Шығыс медицинасының көрнекті өкілі, дәстүрлі дәрігерлік саланың дамуында өзіндік қолтаңбасы бар Толқын Аханұлыдан вируспен күресте жеке бас жауапкершілігін сақтаудың қыр-сыры туралы кеңесін тыңдаған едік. Енді, сол ойда қалған дүниелерді сіздермен бөлісуді жөн санадым.

Толқын Аханұлы: Вирус бар. Онымен күресте әр адамның жеке бас жауапкершілігі маңызды

… Әлемді үрей билеп, адамзат баласы үлкен қауіптің алдында тұрғаны белгілі. Осы тұста ақ халатты абзал жандарға екі есе салмақ түсіп отыр. Өмірін тәуекелге тігіп, өзін (отбасы) ғана емес, өзгені ойлайтын, тіпті, осы жолда басын бәйгеге тігетін сәт туды.

Дәрігердің айтуынша, бұл індет бар. Онымен күрестің бір ғана жолы бар. Сақтану, иммунитет жүйесін сақтау, уақытылы ұйықтап, жүйелі қимылдау. Адамдардан қашық жүру, вирустан сақтайтын маска тағу, түрлі қолғап кию, сырттан келгенде қолды жуып, тазалық шараларына ерекше көңіл бөлу. Одан кейінгі басты кеңес, иммунитетті көтеру. Иммунитеті мықты адамға вирус жұқса да белгісі шықпайды не жеңіл дәреже өтеді екен. Тәжірибе соны көрсетіп отыр. Сондықтан, дұрыс тамақтанып, қарсылық қуатты (иммунитетті) көтеру керек. Айтпақшы, кей адамдар тойып тамақтануды иммунитетті көтерудің бір жолы деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Тойып тамақтану қарсылық қуатты арттырмайды. Керісінше, зиянды болады. Тамақты, ас қорытудың өзіне зор қуат кетеді. Әл – қуаты бар тамақты өз уақытында ыңғайымен қолдансаңыз, қуатыңыз артады. Енді біреулер, көп ұйықтасам иммунитет қалыпқа келеді дейді. Асылында олай емес. Көп ұйықтау да дұрыс емес. Шектен тыс ұйықтаған адамның қаны қоюланып, жағдайы нашарлауы мүмкін. Қысқасы, әрекетіңіз көп болуы керек. Түрлі дене шынықтыру жаттығуы, спорт залдарда өзіңіздің әрекетіңіз болып тұруы керек. Бұдан бөлек витаминдер топтамасын ішкен абзалырақ. Егер, дәрумендер қоспасын жүйелі пайдалансаңыз, ауру сізге оңайлықпен жұқпайды. Негізінде адамның жаратылысынан адамда, вирусқа қарсылық қуаты болады. Яғни, оның міндеті бөтен микропты жеу. Осы адамдағы клеткаларды жейтін микроп арқылы түрлі микроптарға төтеп бере аламыз. Қазақша айтсақ оны, жұтқыш клетка дейді. Кейде қарсылық қуаты мықты адамдардың жұтқыш клеткалары жуан және жылдам болады. Сіз бір микроп келсе, оны ұстап жейді де микроп жоғалып кетеді. Сол микробты жейтін клеткалар мұның алдын алады.

Көңілді жүру, жақсы ойлау бұл медициналық тұрғыдан ем-доммен қатар нәтиже беретін тәсіл. Т. Аханұлының айтуынша, COVID-19 дің құрамында бұрыннан өмірімізде кездесетін вирустан бөлек, өзгеше түрдегі белгілері бар қауіпті «түйіршіктер» ді адам денесі танымауы салдарынан зиянды болып келеді. Ең қиыны, құрамында СПИД ті қоздыратын вирустар жиынтығының болуы. Бірақ, сақтанып жүрсе, көп адам шоғырланған жерге бармай, оқшауланса бұл мәселеден құтылуға болады екен. Дәрігер, өз кезегінде, иммунитетті көтеретін С, Д, Е дәрумендер қоспасының жиынтығы бар витаминдер жасап, ұсынып отырғанын алға тартады.

Осы жолғы коронавирус бұрынғыларға қарағанда, неше есе адамзатқа зиянды. Себебі, короновирустың құрылымын сақтағаныменен адамға жұқпалылығы, ішіндегі СПИД-тің микробы бәрі қосылғанда адамзат үшін өте қатерлі микроб болып есептеледі. Сондықтан да, әлемдегі құрлықтарды, мемлекеттерді қамтып отыр. Қаншама адам зиян шегіп отыр. Қаншама адамдар өмірден озып жатыр.

Дәрігер, халықаралық тәжірибеге негіздей отырып, барлық ғылыми түрде витаминдер қоспасымен вирустың алдын-алатын дәрумендер топтамасын жасап шығарған. Мұны дәрілердің қосындысы, 15 күндік дәрі адамның организмне вирусқа қарсы тұратын қоспалар жасап, осы витаминдерді ішетін болса, иммунитетті көтереді. Бастысы, бұл зиянсыз екен.

Анықтама: Толқын Аханұлының клиникасында ұзын-сонар кезек жоқ. Бәрі жүйемен, рет-ретімен шешіліп қойған.

Дәстүрлі медициналық нысандардағы келеңсіздіктер, ыңғайсыздықтар онда бола қоймайды. Оны өзі де айтып отыр, біздің мекемеміз диагноз қойған кезде халықты күттіріп қоймайды. Анализ тапсыруды айтып әр жерге қайта-қайта жұмсау да бізге жат. Науқасына шипа іздеп келген жандарға өзіміздің жақын адамдарымыздай қараймыз. Науқастармен арада адами байланыс орнату, сеніміне ену халық емшілігіндегі басты талаптардың бірі десек болады. Себебі, емшіге сенген науқас қана ауруынан айығады емес пе?!

Дәрігердің көп оқуымен қатар, адами қасиеттері де үлкен рөл атқарады делінетін еді жазбаларда. Өзің таңдаған салаға деген махаббатыңыз талай адамның жанын арашалап қалуы мүмкін. Не болмаса бауыры суық, адамға жаны ашымайтын дәрігерден науқасқа түк пайда жоқ. Халық емінің ерекшелігінің бірі осы деп айтуға болады.

“Бақкелді” ЖШС директоры, Халықаралық “Экология” Академиясының Академигі Толқын Аханұлымен әңгімеден біздің түйгеніміз осы болды.