Брифингтің мақсаты - жобаның орындалу барысы, негізгі іс-шаралар, аралық нәтижелер және алдағы кезеңге жоспарлар туралы БАҚ өкілдерін ақпараттандыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты: медиа ілгерілету арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы бойынша азаматтардың хабардарлығы мен сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, халықтың ақпараттық қамтылуын 12 миллион адамға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінге дейін жұмыс барысында, оқу материалы ретінде пайдаланылатын кемінде 40 сәтті кейс жүргізуді жүзеге асыру бар. Қатысушылардың зорлық-зомбылықтың алдын алу әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру - сауалнама нәтижелері бойынша кемінде 80% болмақ.

Бүгінге дейін, 3 тақырыптық вебинар: "Қауіпсіздік өзіңнен басталады", "Әлемді өзгертетін әйелдер" тақырыбында 7 подкаст, "тату отбасым" онлайн-мектебінің 7 шығарылымы, "Ер болу- жауапкершілік" тақырыбында 7 шығарылым т.б. шаралар өткізілген.
Қорыта айтқанда, ақпараттық қамту - сайт, әлеуметтік желілер және серіктес платформалар арқылы 5 326 113 астам пайдаланушы. Жоба аясында жарияланған 14 табыс тарихы насихатталған. Студенттер мен жастарға (Алматы, Астана, Қарағанды) 4 офлайн-тренинг өткізілген.

Еділ Оспан, Нәзипа Шанай сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқу-ағарту саласының қызметкерлері мен змялы қауым өкілдері тартылған.
Айта кету керек, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы әлі өзекті және күн тәртібінен түспей тұрған сұрақтардың бірі.