Жарияланған құжатта лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы жұмыстан босатуға себеп болғаны айтылған.

- Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталып жатыр, - делінген құжатта.

Еске салайық, 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Бүгін түнгі уақытта жанжалдан қайтыс болған 16 жасар Шерзаттың үйі өртеніп, полиция оның отбасын қорғауға алды.

ҚР Бас прокуратурасы бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, Алматы облысының әкімдігі Талғарда үйі өртенген отбасыға көмектесетінін хабарлады.