Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қытайдың «Suchun Environmental Protection» компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу жолдарын және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар облыстың инвестициялық әлеуеті, экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды. Әсіресе, аймақтың табиғи ресурстары мен шикізаттық базасын тиімді пайдалана отырып жүзеге асырылатын перспективалы инвестициялық жобаларға басымдық берілді. Тараптар экология саласындағы заманауи технологияларды енгізу, өндірістік әлеуетті дамыту және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудағы бірлескен бастамаларды қарастырды.
Кездесуде аймақ басшысы өңірде жаңа жобаларға, шетелдік инвесторлармен әріптестікті нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті. Сондай-ақ инвесторларға жан-жақты қолдау, қажетті ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсетіледі.
Баспасөз қызметі