Отырыста 3 судьяға қатысты 3 тәртіптік іс қаралды. Қарау қорытындысы бойынша Сот жюриімен заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 2 судьяға қатысты ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

1 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу жасалған тәртіптік теріс қылығының елеусіз болуына байланысты тоқтатылды. Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.