Жөндеуден өткен учаскенің жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды.

Жоба барысында келесі жұмыстар атқарылды:

- 1390 м² ауданда цементбетон жабынындағы ақауларды жөндеу;

- ұзындығы 93595 бойлық метр болатын қолданыстағы көлденең және бойлық температуралық жіктерді тазалау және құю;

- ұзындығы 2500 бойлық метр болатын сызаттарды анкер әдісімен бекіту;

- 18420 метр аралықта торлы қоршауларды орнату;

- 189 200 м² (екі бағытта 11 шақырым) ауданда микросюрфейс орнату.

Сонымен қатар келесі учаскелерде жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр:

1. «Жызақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек Жолы» автожолының 74-220 шақырым аралығы;

2. «Шымкент – Ташкент» автожолының 705-742 шақырым аралығы.