Құрметті достар! Астанада биыл жеңіске жеткен жеңімпаздармен кездесу өткізіп, алда қандай жұмыстарға мұқият болуы керектігін ақылдастық.


📌 Сапалы фильм түсіру - басты талап. Жобаға жауаптыларға бюджет қаражатын үнемді әрі тиімді пайдалана отырып, сценарийден постпродакшнға дейінгі барлық кезеңде көркемдік деңгейі мен техникалық сапасы жоғары өнім жасау керек.

📌 Түсірілетін фильмдерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту, отансүйгіштік пен мәдени мұраға деген құрметті насихаттау.

📌 Өндірістік процестен бастап, маркетинг пен дистрибуцияға, халықаралық кинонарыққа шығу жолдарына дейінгі іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуы тиіс.

📌 Жуырда жарияланған «JARQYRA» республикалық кастингінің жеңімпаздарын алдағы жобаларға белсенді қатыстыру, олардың кәсіби дамуына мүмкіндік беру қажет. Өңірлердегі өнерлі жастарды қолдаудың арқасында кино әлемінде жаңа есімдердің болуы шарт.