Нарықта пәтер бағасы өтпей тұр дегенді риэлтордың өзі мойындап отыр. Жақында ірі құрылыс компаниясының жауапты маманымен сұқбаттастым. Оның айтуынша, құрылысқа кететін өзіндік құн (шығын) мен нарықтағы баға арасындағы алшақтық жер мен көктей. Қолындағы есептерін көрсетті. Сұмдық енді. Астана мен Алматыда бір бөлмелі пәтердің құны – әрі кетсе, 8-10 млн.теңгеден аспау керек екен. Яғни, бағаны қолдан көтеріп отыр – дейді. Өзін көрсетпеуін, атын атамауын өтінді. Әрине, жеп отырған нанынан айыруға біздің қақымыз жоқ. Әрі қарай, экономист- сарапшымен сөйлестік, олардың айтуынша, бағаны әдейі көтеріп отырған қоғамдық институттар бар көрінеді. Арнайы маркетингтік акция жасайды. Адамдар солардың соңынан ереді – міс. Оның үстіне, пәтер сатып, үстінен 40-50 пайыз көріп отырған «делдалдар» үшін бұл керемет табыс көзі. Ал, менің алып-қосарым, біз бағаны қолдан реттей алмаймыз. Табиғи түзіліс \ сұрыптау деген бар. Егер, осылай жалғаса берсе, Қытайдың құрылыс индустриясы кіріп, нарықтың быт-шытын шығарады. Біздің құрылыс нарығындағы кәсіпкерлер де Қытайлармен жұмыс істеуге құлшынып отыр. Маржа аз. Сапа жоғары. Бірақ, көп сата аласың деген капиталистік есеп бар. Қытайдан қорықпау керек, біздегі сыбайластық пен монополиядан қорқу керек. Қытай біздің экономика мен нарыққа ықпал етуі мүмкін... Біз қаласақ та, қаламасақ та осы...

Фото ашық дереккөздерден