ТЖМ қызметкерлері Hytera басшылығымен жұмыс кездесуі өткен компанияның бас штаб-пәтеріне болды. Кездесу кезінде жедел дайындықты күшейту және азаматтық қорғау саласындағы қауіпсіздікті арттыру үшін компания жабдықтарын қолдану мүмкіндіктері талқыланды. "Жақында ТЖМ-нің авиацияны қолдана отырып, биік ғимараттағы өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығуы борттармен байланыста болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Ведомство басшысы бізге онлайн, соның ішінде түнгі уақытта радио және бейне сигнал беру үшін қолда бар борттарды жетілдіруді тапсырды. Біз Hytera компаниясымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін жоғары бағалаймыз және серіктестігіміз Қазақстандағы Төтенше жағдайлар кезінде байланыс сапасын және жедел ден қоюды айтарлықтай жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз", – деп Қазақстан ТЖ вице-министрі атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша 43 базалық станцияны жеткізу шарттарын егжей-тегжейлі талқылау үшін одан әрі жұмыс кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл Қазақстанның 49 қаласы мен барлық аудандарында бірыңғай жедел байланыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.