Оның нәтижесінде Қазақстанның астанасын халықаралық туристік және іскерлік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.  Kazakh Tourism компаниясының ҚР Италиядағы туризм елшісін тағайындауы – Миландағы роуд-шоудың басты оқиғасы. Құрметті миссияны Италия-қазақ сауда қауымдастығының (ACIK) Президенті Марко Беретта қабылдады. Елшінің қызметі еуропалық туристер арасында қазақстандық туристік дестинациялардың тартымдылығын арттыруға және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған. Роуд-шоу қос елдің туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезеңіне айналды. Оның барысында «Астана даму орталығы» ЖШС және Итальяндық-қазақ сауда қауымдастығы (ACIK), сондай-ақ «Астана даму орталығы» ЖШС мен Итальяндық-қазақ сауда-экономикалық палатасы (CCIK) өзара түсіністік туралы 2 меморандумға қол қойды. Бұл құжаттар Астананы туристік және іскерлік орталық ретінде ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асырудың негізін қалады. Роуд-шоу барысында Kazakh Tourism, «Астана даму орталығы» ЖШС өкілдері, қазақстандық туроператорлар, қонақ үй желілері мен туристік агенттіктер итальяндық БАҚ пен кәсіпкерлерге ҚР туристік мүмкіндіктері мен өнімдерін паш етті. Іс-шара аясында Астананың туристік әлеуеті таныстырылды, интерактивті сессиялар, іскерлік кездесулер және мәдени іс-шаралар да өтті. Итальяндық БАҚ арасында Қазақстан бойынша ақпараттық турларға ұтыс өткізіліп, үлкен қызығушылық тудырды.  «Астана-Милан 2024» роуд-шоуы серіктестікті одан әрі дамытудың негізін қалап, өзара іс-қимылдың табысты форматын көрсетті. Іс-шараны ҚР Италиядағы елшілігінің, ACIK, Neos S. p.A және CCIK қолдауымен Астана қаласының әкімдігі және «Астананы дамыту орталығы» ЖШС Visit Astana туристік брендімен ұйымдастырды.