Қазақстанда алғаш рет 11 және одан кіші жастағы шағын ракетка шеберлерінің республикалық чемпионаты ұйымдастырылды. Шара Қарағанды қаласының Saryarka үстел теннисі орталығында өтуде. Біріншілікті өткізу орны кездейсоқ таңдалмаған: қарағандылық үстел теннисі мектебі еліміздегі ең үздіктердің бірі болып саналады. Оның тәрбиеленушілері – ұлттық чемпионаттардың, клубтық турнирлердің, спартакиадалар мен халықаралық жарыстардың тұрақты жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Жарыс 3 маусымда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.Жарыс 3 маусымда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.   

- Бұл үстел теннисінен 2014 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы алғашқы республикалық чемпионат. Біздің жас теннисшілеріміздің халықаралық турнирлерге қатысу үшін ұлттық құрамаға үздіктерді іріктеуді жалғастыра беретінін көреміз, -  дейді жарыстың бас төрешісі, үстел теннисінен ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиева.

Әкімдіктің баспасөз қызметі