Негізгі міндет - балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын нығайту және сақтау үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру, - делінген хабарламада.  Айта кетейік, қазіргі уақытта орталықтарда 468 маман жұмыс жасауда, 2025 жылға қарай олардың санын екі есеге арттыру жоспарланған. Олардың басым көпшілігі Астана қаласында, сондай-ақ Жетісу, Қостанай, Ақмола және Абай облыстарында қызмет етуде.