Астана тұрғыны арнайы лицензиясыз ойын бизнесі саласында қызмет ұйымдастырған. Оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді онлайн казино жұмыс істеген. Азаматтар TikTok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарға қатысып, ойынға қатысу үшін ақша қаражатын аударып отырған.

Заңсыз қызмет нәтижесінде ол ірі көлемде заңсыз табыс тапқан.

Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісі негізінде жазадан босатқан.

Алайда сот заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесін шешпеген.

Прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актісі өзгертілді. Сотталғаннан мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған заңсыз табыс ретінде 9,9 млн теңге өндірілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі