Ол полиция өзін қамауға алмауы үшін өз резиденциясында ұзақ уақыттан бері бой тасалаған болатын. Дегенмен, жағдайдың әрі қарай шиеленіспеуін ойлаған Юн амалдың жоқтығынан тергеушілердің сұрағына жауап беруге келісім берген.  

Елдің Бас сыбайлас жемқорлыққа қатысты құрылымы мемлекет басшысынан 48 сағат ішінде жауап алуы керек. Осы уақыт ішінде оны тұтқындау немесе босату туралы ордер беріледі.  

Осылайша, Оңтүстік Корея тарихында қызметте отырған Президентті қамауға алу туралы ордер алғаш рет беріліп отыр. Әрі қарайғы жағдайдың қалай болатыны әзірге белгісіз. 


Ашық дереккөздерден алынды