... Кейбір федерациялардың басшылығында түрлі шенді-шекпенділер мен олигархтар отырды. Олар қаншама жылдан бері сол қызметті меншіктеп алды. Олар бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсағаны болмаса, атқарып жатқан жұмысы көзге көрінбейді. Сондықтан федерацияның бәрін бұдан былай «Ұлттық федерация» деп ауыстырдық. Атауы ауысқан соң, заң бойынша федерациялардың аккредитациясы автоматты түрде тоқтатылады. Олар қайтадан тіркеуден өту үшін министрлікке жүгінеді. Сол кезде аккредитация спорттың дамуына үлес қоспаған, мүмкіндік жасамаған, тек бюджет ақшасын асап келгендерге емес, спортқа жанашыр, қолдайтын ұйымдарға беріледі деген үмітім бар. 



Бұдан бөлек аймақтарда спорт мектеп-интернаттары, спорт колледждері сынды спорттық нысандардың басшылығына қатысты да сұрақ бар. Мәселен, министрлік Қызылорда облысындағы мемлекеттік спорт ұйымының бірін 20 жылдан бері бір адам басқарып келе жатқанын тілге тиек етті. Мұндай мысал көп. Біз заңмен министрлікке спорттық білім беру мекемелері басшыларының ротациясын жасау уәкілеттілігін бердік. Яки, білім мекемесінің басшысы әр бес жыл сайын ауысып отыруы керек. Мерзімін заңнамалық актімен бекітеді. Қызмет – жекеменшікке айналмауы керек. Сондай-ақ, спорт колледждеріне, мектеп-интернатына оқушылар мен студенттерді қабылдаудың типтік жоспары болуы тиіс." - деп атап өтті, Нартай Аралбайұлы

Естеріңізге сала кетсек, қазақ спортының ертеңі, келешегі туралы соңғы уақыттары қоғамда түрлі пікірлер айтылып жүр. Қайшылықты шешімдер мен күрмеулі мәселелер жетеді. Оны бір ғана депутаттың немесе белгілі бір ұйымның, ведомстваның араласуымен шешу мүмкін емес. Қоғам болып, сала мамандары мен сарапшылары жұмыла кірісуі керек. Сонда ғана, қазақ спортының көсегесін көгертуге болады.

Дереккөз: Мәжіліс

Сұқбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқуға болады.

https://mazhilis.parlam.kz/kk/multimedia-center/news/16681