«Коллекторлар адамға күніне 3 рет қоңырау шала алады. Бірақ аудиосын немесе бейнесін жаза отырып хабарласуы керек. Егер сізге коллектордан демалыс күні қоңырау түссе, бізге хабарлауыңыз қажет. Call-орталыққа хабарласып, ақпаратын бересіз. Біз тексеру жүргіземіз», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сондай-ақ, ол ереже бұзған коллекторларға қандай шара қолданылатынын айтты.

«Қызметін тоқтауға дейінгі шаралар қолданылады. Әуелі айыппұл жазылады. Одан кейін қызметі толық тоқтатылады», - деді агенттік басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте несие төлеуде қиындыққа тап болған кейбір азаматтарға төлем мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәдина Әбілқасымова мұндай мүмкіндік халықтың әлеуметтік осал тобына жататын адамдар мен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге берілетінін айтады.