Кәсіпкерлік саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар Ұлболсын Сүгірәлиеваның айтуынша, бұдан былай бизнес өкілдері өз құқықтары бұзылған жағдайда Конституциялық соттың қызметі тікелей жүгіне алады.

Оның пікірінше, бұл - құқықтық мемлекеттің айқын көрінісі әрі кәсіпкерлер үшін сенімді қадам болатыны анық. Тұрақты заңнамалық орта инвестиция тартуға, өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді дейді, кәсіпкер.
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DVN_6SnDUSA/?igsh=MXBnNDl5OTFybjMxYg%3D%3D
Ақпарат: Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметінен алынды