Қазір әлемдік БАҚ да Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті қақтығыстардың нәтижесінде мүліктердің қымбаттауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Қорғаныс активтерін барынша сақтауға тырысқан Израилдық кәсіпкерлер сенімді валюта ретінде алтын қорына барынша көңіл бөліп жатыр.     

Алайда, «РБК Инвестиции» редакциясының айтуынша, сауда-саттық кезінде алтынның бағасы троя унциясы үшін 2008,5 долларға жетіп, жабылу кезінде алтын троя унциясы 1994,4 доллар ға түскен. Сарапшылар, жаһандық ақша-несие саясатының жалғасып жатқан қатайту жағдайында алтынның қазіргі деңгейде қалу мүмкіндігі аз деген пікірді жиі айтып жүр. Мүмкіндікті өз пайдасына тиімді жаратқан кей инвесторлар алтынды осындай белгісіздік кезеңінде молынан сатып алып, облигациялар бойынша кірістілік өсіп, сұраныс артқанда нарыққа қымбат бағамен сатады.

Ал, баспана бағасы қымбаттауы мүмкін бе? , деген сұраққа «... жоқ. Керісінше арзандауы мүмкін дейді, отандық экономисттер. 

Қалай болғанда да, соғыс жағдайында мүліктердің арзандап, қымбаттауы заңдылық екені анық.


Фото интернеттен алынды