Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар.

Хатшылық отырысына қатысушылар осы бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.

Қалған Ізгі ниет елшілерінің тізімі мынандай:

Иерусалим Патриархы III Феофил;

Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;

Вьетнам буддисттік сангханың бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхит Дык Тхиен.