Қазақстандағы бірқатар ірі қоғамдық бірлестіктер, салалық қауымдастықтар мен кәсіби ұйымдар «Әділет» саяси партиясымен ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.

Партияны қолдаушылар қатарында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің, үкіметтік емес сектордың, волонтерлік қозғалыстың, кəсіби қауымдастықтардың, бизнес, ғылым, мəдениет, білім беру, денсаулық сақтау, экология, IT жəне креативті индустрия салаларының мүддесін қорғайтын ұйымдар бар. Бүгінгі таңда «Əділет» партиясын қолдайтынын мəлімдеген ұйымдардың қатарында «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан тау-кен палатасы, Қазақстан автомобиль одағы, Медициналық жəне фармацевтикалық бизнес ұлттық қауымдастығы, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, Women in Tech Kazakhstan, Қазақстанның креативті индустриялар альянсы, Қазақстанкинематографистер лигасы, Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы, ҚР əлеуметтік инноваторлар қауымдастығы, SOCIAL INNOVATION HUB, «Жаңа адамдар» қоғамдық бірлестігі, «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігі жəне басқа да ұйымдар бар.

«Əділет» партиясы алдағы уақытта да азаматтық қоғам институттарымен, кəсіби қауымдастықтармен, сарапшылар мен елдің барлық өңірлеріндегі бастамашыл азаматтармен өзара іс-қимылды нығайта береді.