Хабарламада ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астананың әуежайына аман-есен қонғаны жазылған. "Ұшақ белгіленген орынға қонғаннан кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымдану анықталды. Құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды", - деп хабарланған Air Astana ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Орал әуежайында осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі.