Қысқаша өмірбаяны: Е. Тоғжанов 1963 жылы туған. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, Кейін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы - заңгер. Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған. 1988-2001 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті Астана филиалының директоры. 2001-2006 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы, 2008-2017 жылдары – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерінде болды. Кейін, 2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі. 2019-2020 жылдары- ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы. 2020 - 2022 жылдар аралығында Премьер-министрдің орынбасары қызметінде болды. Ал, 2022 жылы Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Ол 2023 жылғы 5 қыркүйекте бұл қызметінен босатылды.