Эксперименттің бірінші кезеңінде, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 30 маусымға дейін Мәскеу қаласының халықаралық әуежайларына (Домодедово, Шереметьево, Внуково және Жуковский), сондай-ақ Орынбор облысындағы "Маштаково" автомобиль өткізу пункті арқылы келетін Қазақстан азаматтары биометриялық деректерін – бет бейнесі мен саусақ іздерін тапсыруға міндетті. Екінші кезеңде, 2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін эксперимент Ресейдің мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пункттерін қамтиды. Бұл кезеңде елге кіруші әрбір шетелдіктің (оның ішінде Қазақстан азаматтарының) цифрлық бейіні қалыптастырылатын болады. Бұл ретте, мұндай бейінді RuID қосымшасы арқылы өз бетінше құруға болады, ол басқа мемлекеттердің азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің аналогы болады және сапар туралы хабарлауға, сондай-ақ Ресей аумағында әртүрлі мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді (мысалы, медициналық сақтандыруды рәсімдеу). Цифрлық бейін бірқатар мемлекеттік жүйелерге, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесіне енгізілетін болады.

Шекарадан өту пункттеріндегі қосымша тәртіптерге алдын ала дайын болуды ұсынамыз.

Аталған жоба (эксперимент) талаптарынан:

– Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;

– дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;

– 6 жасқа дейінгі балалар босатылады.