Қола медаль үшін белдесуде жерлесіміз Бауыржан Арстанбековпен кездесуі тиіс еді. Алайда қарсыластың бас тартуына байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.

Ерғали Шамей бұған дейін 1/8 финалда үш дүркін Паралимпиада жүлдегері, франциялық Сирил Жонармен 7 минут бойы табанды күресіп, өкінішке қарай, жеңісті қолдан жіберді. Айта кету керек, Ерғали әлем чемпионатына жаңадан ауысқан салмақта – 81 келіде қатысып отыр. Бұған дейін ол 73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.

Осылайша, 2025 IBSA Judo World Championships Astana жарысының алғашқы күнінде қазақстандық пара дзюдошылар жалпы 5 жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль иеленді.

Айта кетейік, әр төрт жыл сайын өтетін бұл маңызды додаға әлемнің 40 елінен 350-ден астам спортшы қатысып жатыр. Биылғы жаһандық бәсекеге 15-тен астам Паралимпиада чемпионы мен әлемдік спорт жұлдыздары арнайы келген.