Жаңа тетік арқылы фермерлер мен агроөнеркәсіп кәсіпорындарына берілетін кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі ЕАЭО бюджеті есебінен субсидияланады.
2025 жылғы 31 қаңтарда ЕАЭО мемлекеттерінің үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияға тараптармен бірлесіп, қаржылай жәрдемдесу тетігінің нақты шарттарын және жобаларды іріктеу тәртібін әзірлеуді тапсырды.
Қазақстан үшін бұл бастама ауыл шаруашылығының маңызды салаларын – тұқым шаруашылығын, мал өсіруді, қайта өңдеуді және инфрақұрылымды дамытуға қосымша серпін береді.
Жаңа тетік бойынша нақты ұсыныстар биылғы жылдың екінші жартысында өтетін үкіметаралық кеңесте қаралады.