Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, кейін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.

2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

2011-2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында болды.

2018-2019 жылдары – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген.