Арман Жұмагелдиевке қатысты іс бойынша сот тергеуі желтоқсан айында аяқталған болатын.  Айыпталған күдіктілерге қатысты сот процесі жабық өтті.  Прокурор «Дикий Арманға» 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл сұрады. Арман Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деп айып тағылған болатын.  Осылайша 20 жылға сотталды.

Былтыр 21 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталғаны туралы БАҚ тарда жарияланған. 

Айта кету керек, криминалды авторитет Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталды. Іс бойынша айыпталушылар қатарында Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген мен  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов және тағы басқа да тұлғалар бар. Бас - аяғы 42 адам айыпталған.

Оларға «билігін асыра пайдалану», ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, қарақшылық шабуыл, заңсыз адамдарды бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, сондай-ақ бандитизм бойынша айып тағылған.