18 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.  Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.   18 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 18 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарында да осыған ұқсас ауа райын болады деп күтілуде.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с.

18 қарашада Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында 15-20 м/с күтіледі.