12 қазақстандық емші дәстүрлі Қытай медицинасын үйрену үшін Шэньси өлкесінің Сиань қаласына барды. Бұл туралы Ras.kz Қытайдың «Халық газетіне» сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған БАҚ-тың келтірген деректеріне сүйенсек, екі апталық курс тыңдаушылары екі топқа бөлініп оқиды. Оқыту курсы дәстүрлі Қытай медицинасының диагностикалау мен емдеу және сипаттамалық әдістеріне негізделе отырып, жергілікті медицинаның негізгі теориясын, балалар церебралды сал ауруын, психикалық және басқа да жиі кездесетін сырқаттарды дәстүрлі Қытай медицинасы бойынша емдеуді үйретеді. Курс заманауи медицинаны дәстүрлі медицинамен, теориялық оқыту мен клиникалық тағылымдамаларды біріктіре отырып жүргізілмек.

«Сиань дәстүрлі Қытай медицинасы ми аурулары емханасының халықаралық медициналық және инемен емдеу бөлімінде қазақстандық емшілер ерменмен қақтау, лоңқа қою, ине шаншу және басқа да дәстүрлі Қытай медицинасының ұтымды тәсілдерін тікелей үйреніп, жеке тәжірибе жинақтайды. Сол арқылы дәстүрлі Қытай медицинасының әртүрлі емдеу әдістерін меңгереді», - деп жазды қытайлық басылым.