Сауық Жақанова 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
1966-2002 жылдары Қазақ радиосында диктор, 1998-2000-жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері болды. 2000-2013 жылдары Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетінде оқытушылық етті.
«Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері.
2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі