Камал Сәруарұлы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицина саласындағы өмір жолын бастады. Осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Бұл қазақстандық балалар хирургиясының ғылыми мектебінің қалыптасуына негіз қалады. Ерекше серпін берді.
Педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылым қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Ормантаев өзінің еңбек жолында ол 20 000-ға жуық күрделі операция жасаған. Осылайша, мыңдаған баланың өміріне араша түскен. Қажырлы еңбектің арқасында 1 500-ден астам дәрігер дайындады. Олардың басым бөлігі бүгінде Қазақстанда ғана емес, шетелде де өз орны бар, жетекші маман ретінде жоғары бағаланады.
Фото С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ресми сайтынан алынды