Өңірде бидай ұнының бағасы елдегі орташа бағадан 33 % арзан. Яғни орташа баға 224 теңге болса, Петропавлда ұнның келісі 150 теңге тұрады. Ал сәбіз бағасы 14% арзан. Сәбіздің елдегі орташа бағасы 152 теңге болса, СҚО-да оның құны – 130 теңге. Елдегі ең арзан жұмыртқаны да Солтүстік Қазақстаннан табуға болады. Мұнда С1 санатындағы жұмыртқа – 462 теңгеден саудаланып жатыр, ал бұл өнімнің елдегі орташа бағасы - 545 теңге. Осы өңірде сүзбе бағасы 25 пайызға арзан. Елде сүзбенің 1 келісі 2172 теңгеден саудаланса, СҚО-да 1622 теңгені құрайды. Картоптың бағасы 14 пайызға арзан.

Сондай-ақ сиыр еті СҚО-да 2388 теңге, бұл республикалық орташа бағадан 7,2 пайызға арзан. 

Енді, сұрақ елдегі егіс көлемінің, астықтың негізгі бөлігі шығатын облыста баға төмен болмай, шарықтаса онда не болғаны? Тақырып алдағы уақытта да талқыланады. 

Баспасөз қызметі

Фото ашық дереккөздерден