Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Азаматтық авиация академиясының 30 жылдығына арналды. Ерлік пен қаһармандықтың символына айналған осы киелі орында студенттер батырлар рухына тағзым етті. Сонымен қатар олар қаһармандардың ерлігінің айғағы болар әскери-тарихи музейді аралап, саябақ аумағында қойылған әскери техника үлгілерімен танысты.
Академия оқытушыларының айтуынша, бұл жиын - болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеу жолындағы маңызды кезең. Жиын соңында студенттер қорытынды сынақ тапсырып, Отанға адалдық антын қабылдады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі