Қасымбаев адам ұрлығына және ұрып-соғуға қатысы бар деген күдікке ілінген. Арнайы бейнебақылау камерасында, дүкенге кіріп бара жатқан ер азаматты әлдекімдердің соққыға жығып, көлікке салып әкеткені жазылып қалған. Оқиға 2021 жылы Талғарда орын алған. Осы оқиға бойынша 5 жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, барлығы сотталғаны айтылған хабарламада. Облыстық полиция департаменті Хасан Қасымбаевты осы іске қатысты күдікті деп танып отыр. Қылмыстардың мән-жәйі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.