5 қарашада күндізгі уақытта Астанадан 1229 текше метр қар шығарылды. Бұл – шамамен 97 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Қаланың коммуналдық қызметтері жұмысын күшейтілген әрі үздіксіз режимде жүргізіп жатыр.

Ал 6 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 187 жол жұмысшысы мен 433 арнайы техника жұмылдырылады.

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады.

Осыдан кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарында мейлінше сақ болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.

Астана әкімдігі