Бұрынғы қалпынан едәуір жақсара түскен Ақбұлақ өзенінің жағасындағы «Жастар» саябағы енді демалыс уақытын өткізгісі келетіндерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Мұнда памп-трек, скейт-паркі, жаңа ойын алаңы пайда болды.
Сонымен қатар саябақ аумағында заманауи «Сана» спорт кешені жұмыс істейді, ол әртүрлі спорт түрлерімен және физикалық белсенділікпен айналысуға мүмкіндік береді.
Саябақтың бұлай түрленуі және спорт кешенінің интеграциясы аумақтың дамуындағы жаңа кезеңді бейнелейді. Жасыл аллеяларда серуендеу, спорттық іс-шаралар немесе отбасылық демалысты ұйымдастыруға бұл жер – таптырмайтын кеңістік.
Мекенжайы: Ақбұлақ өзенінің жағасында, «Сана» спорт кешеніне қарама-қарсы орны.