Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ересектерге арналған қазақ тілі курсын өткізеді.

Ересектерге арналған курс тегін ұйымдастырылады. Өтініштер 1-31 шілде аралығында қабылданады.

Курс 3 тамыз күні басталады. Оқыту офлайн және онлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 4 ай. Сабақ аптасына 3 рет ұйымдастырылады. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Курсқа тіркелу үшін Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинетке жүгіну қажет.

Байланыс телефондары:

Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;

Ұялы: +7 (707) 497-71-43.