Ол 15-18 қараша аралығында «Қоныс» спорт кешенінде өтеді. Жарысқа 17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкенттен 500-ге жуық қатысушы келді. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль үшін бақ сынасады. Чемпионатқа аралас командалық жарыстар да кіреді, олардың жеңімпазы Қазақстан Кубогін иеленеді. Былтыр бұл кубоктіҚызылорда облысының командасы жеңіп алды. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Жаңартылған құрамда ел құрамасы желтоқсан айында өтетін Токиодағы Grand Slam сериясының соңғы турнирінде өнер көрсетеді.
Ақпарат Ақтөбе әкімдігінен
Фото ашық дереккөздерден